Психикалық энергия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Психикалық энергия — психикалық аппарат пен психикалық көріністің негізін өлшеуге лайықты энергия түрі. Психикалық энергия туралы алғаш ой қозғаған 3. Фрейд оны либидолық және агрессиялық деп екі түрге бөлді. Либидолық және агрессиялық энергия бір-бірімен араласқанда энергияның бейтарап күйі қалыптасатынын ескертті. Аналитикалық жұмыстар психикалық энергияның кейде жіктелмеген бейтарап күйде болатынын, кейде көңіл-күй толқуында, елігуінде өлшенуге лайық энергияның бастапқы жіктелмеген күш кезігетінін айқындады. Адамның ойы, елігуі, бейнесі психикалық энергиямен әртүрлі дәрежеде байланысты, яғни катексистік күйде болатыны дәлелденді. Катексисте психикалық энергия бірде құбылмалы, бірде бейтарап күйде көрініс табады да, көңіл жайын бір ықыласқа шоғырландырады не одан ығыстырады. Психикалық энергия қызметіне қарай мотивациялық, қозғаушы себепке жарарлық және қолданбалы құралдық түрлерге бөлінеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}