Парадигма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:53, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Парадигма<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006 жыл. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref> (Үлгі:Lang-el деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Саясаттануда

Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Г.Кун.Ол сондай-ақ, белгілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.

Саясаттанудағы негізгі парадигмалар

Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.

Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.

Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.

Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді:

  • қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.
  • мәмілеге келу парадигмасы (консенсус). Өкілдері: М.Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Педагогикалық парадигма

Педагогикалық парадигма- педагогикалық міндеттердің белгілі топтарда қалыптаскан үлгі-стандарты, дағдылы көзқарасы. Алайда, танымал үлгі-стандартты және көзқарастарды күмәнді етіп койғанымен, педагогика ғылымында және төжірибеде фактілер қолданылады.

Педагогикалық парадигма екі жақтық қызмет атқарады: бір жағынан - педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді, ал екінші жағынан педагогикалық шығармашылық мәселелердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл де болса тигізеді. Кейбір педагогикалық парадигмаларды келтіруге болады.

1. қазіргі заманда төл педагогикамызда «білетін адам» (ЗУН жүйесімен жабдықталған) парадигмасы «тіршілік әрекетіне дайын адам» парадигмасына, яғни белсенді және шығармашылық ойлауға қабілетті және іс-әрекет, өзіндік өсетін, интеллектуалды, өнегелі және дене тәрбиесіне өзгерістер енгізілуде;
2. көптеген педаготтардың пікірінше, тәжірибиеде қолжеткізу ұстанымын іске асыра отырып, оқу материалының мазмұны және білім көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне ақылына сай және алғашқы дайындық деңгейіне сай болу қажет. Егерде осы принципті спортта іске асырсақ, онда бірде-бір спортсмен біз жеткен жетістіктерге жете алмаушы еді.<ref name="name" /><ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006 жыл. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref> Оларды теориялық тәсіл немесе жеке білім деңгейі шенберінде ғылыми бірлестік бөліседі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006 жыл. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref><ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.

ISBN 9965-808-78-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}