Оңтүстік Алтай жотасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:15, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тау Оңтүстік Алтай жотасыАлтайдың оңтүстігіндегі таулы жота.

Географиялық орны

Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Күршім аудандары жерінде) және Ресей Федерациясы (Алтай Республикасы) мен Қытай (Алтай аймағы) шекараларында. Ұзындығы 130 км-дей, орташа биіктігі 3487 м, ең биік жері 3871 м.

Геологиялық құрылымы

Жота негізінен саздақты тақтатастан түзілген.

Жер бедері

Беткейлері көбіне тік құлама. Оңтүстік Алтай жотасынан Қара Қобы, Арасан Қобы өзендері бастау алады. Оңтүстік Алтай жотасында жалпы ауданы 116 км² шамасында мұздық бар. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 – 600 мм.

Өсімдігі

Тауаралық аңғарында және беткейлерінде дала өсімдігі, одан жоғары жапырақты орман, субальпі, альпі шалғыны өседі. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер