Орысбай Жұбайұлы Баймырзаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:34, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Баймырзаев Орысбай Жұбайұлы (17.10.1939 жылы туған, Нүкіс) —сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңерген архитекторы (1981). Мәскеу архитектуралық институтын бітірген (1967). Сол жылдан бастап Қарақалпақстан құрылыс және сәулет істері жөніндегі басқармасының аға сәулетшісі, Беруни қаласының бас сәулетшісі болған. 1970—1982 жылдары Алматы қала құрылысын жобалау институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, жобалау ісінің бас сәулетшісі, жобалау шеберханасының жетекшісі. 1982—1983 жылдары Алматы құрылыс жобалау бас басқармасы бастығының, кейін қаланың бас сәулетшісінің орынбасары, 1983—1993 жылдары Алматы сәулет және қала құрылысы Бас басқармасының бастығы болды. 1993 жылдан “Рахат” біріккен кәсіпорны бас директорының орынбасары. Баймырзаев — Қазақ драма театры (1980), “Байланыс” көрме павильоны (1981), Жер серіктерімен байланыс жасайтын лаборатория (1982), “Рахат” қонақ үйі (1993), т.б. авторы. Қазақ драма театры ғимаратының жобасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты атағы берілген (1982).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орысбай Жұбайұлы Баймырзаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}