Орынбор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:04, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Орынбор

Сурет:Неплюев.jpg
Иван Иванович Неплюев

Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) (Үлгі:Lang-ru) – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзеннің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998). Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар. О. Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді. 1735 ж. 15 тамызда И.Кирилов бастаған экспед. Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады (қ. Ор). 1740 ж. В.Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту ст-сының іргесі қаланды. 1742 ж. жаңадан тағайындалған губернатор И.И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 ж. Кирилов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. О. іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының О-ға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. О. 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орт. Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 ж. 4 қазанда О-да Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. О. 1920 – 1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақытта О. облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және т.б. мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады. <ref>Борисов А.Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.</ref>

Губерния құрылуы

Орынбор генерал-губернаторлығы, Қазақстанның батыс, солт.-батыс және оңт.-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 ж. құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 ж. О. г.-г. құрамында орт. Орынбор қ. болған Торғай обл. құрылды. 1876 – 81 ж. Қазақстанның солт.-шығысы мен оңт-нде Дала және Түркістан ген.-губернаторлықтарының құрылуына байланысты О. г.-г. жойылып, Орынбор губ. қалпына келтірілді. Дегенмен Торғай облысы Орынбор губ. құрамында қалдырылды. Орынбор губерниясы – әкімшілік аумақтық бөлік. 1744 ж. құрылған. Алғашқы ген.-губернаторы И.И. Неплюев болды. Бастапқыда О. г. Кама өз., Каспий т., Бат. Сібір мен қазақ даласы арасындағы жерлерді қамтыды. Кейіннен жаңа губерниялар мен облыстардың құрылуына байланысты солт-те Пермь, батыста Уфа және Самара, оңт-те Орал және Торғай, шығыста Тобыл губ-ларымен шектесті. 1897 ж. жер аумағы 15 млн. десятина, халқы 1 млн. 608 – 388 адам болды. О. г-нда алтын, мыс және темір рудасы, тұз, сланец, тас көмір өндірілді. 1894 ж. О. г-нда Белорецк, Тираянск, Кагин, Жоғ. Авзяно-Петровский, Төм. Авзяно-Петровский, Зигазин және Инзер з-ттары болды. Егіншілік пен сауда өрістеді. Губернияда 576 оқу орны болды. О. г-на халқы негізінен қазақтардан тұратын Торғай облысы тікелей бағынды.

Орынбор және батыс сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже

1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ қол қойған құжат. Осы құжат бойынша Орынбор және Бат.-Сібір ген.-губернаторлықтарында]] саяси-әкімш. реформа жүргізіліп, ген.-губернаторлықтар облыстарға, облыстар уездерге, уездер болыстықтарға, болыстықтар ауылдарға бөлінді.

  • Орынбор ген.-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары

Орал облысы – Орал, Гурьев, Калмыков, Желі;
Торғай облысы – Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай;

  • Бат. Сібір ген.-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары кірді.

Ақмола облысы – Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл;
Семей облысы – Семей, Жаңасарысу, Баянауыл, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Өскемен уездеріне бөлінді.
Ген.-губернаторлықтардағы әкімш. және әскери билік ген.-губернатордың қолына шоғырландырылды. Облыс әкімш-н әскери және әкімш. билік берілген әскери губернатор басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак әскерінің атаманы болып саналды. “Ережеде” далалық облыстардың әскери губернаторлары дивизия командиріне теңестіріледі деп көрсетілді. Уезд бастықтарын облыс әскери губернаторының ұсынуы бойынша ген.-губернатор тағайындады. Уезд бастықтарының қолына әкімш. және полицейлік билік шоғырландырылды. Орал облысының уезд бастықтарына, Семей облысы Көкпекті у-нің бастығына жергілікті әскери бөлімдер бағындырылды. Болыстықтар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейінгі бірнеше ауылды қамтыды. Әкімш. ауылдар 100 – 200 шаңырақтан құралды. Болыстық және ауыл әкімш-н құру тәртібі Қазақстан аймағын отарлау мақсатына қызмет етті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындары әрбір үш жылда қайта сайланды. Сайлау кезінде рулық талас-тартыстар мен әртүрлі жолсыздықтарға орын берілді. Болыстық басқарушылар мен олардың кандидаттары облысы әскери губернатор бекіткеннен кейін ғана қызметке кірісті. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы бекітті. Болыс басқарушысы өз болыстығындағы билігін жүзеге асыру барысында “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, алымдардың жиналуын, т.б. қадағалап отыруға міндетті болды. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімш. шегінде старшындардың да болыс басқарушыларындағыдай құқықтары болды. Жергілікті халық өкілдері болыстық және ауылдық деңгейдегі басқару орындарына ғана тартылды. Одан жоғары деңгейдегі басқару орындары отаршылдардың әскери адамдарынан құрылды. Ресей империясының қазақ даласына тұтастай саяси өктемдігін орнатуын 1891 жылы қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” заңдастырды. <ref>Материалы по истории политического строя Казахстана, т.1, А.-А., 1961; Жиренчин К.А., Политическое развитие Казахстана – начале веков, А., 1996.</ref>

Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже

– 1844 ж. 14 маусымда Ресей империясы қабылдаған заңдық құжат. 1824 жылғы жарғыға қарағанда бұл құжат патша өкіметінің қазақ даласындағы билігін күшейту жолдарын заңдастыра түсті. Ережеде жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктері шектеліп, қызметтері өлкелік өкімет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Жарғыда қазақ арасындағы егіншілік, тұз өндіру өнеркәсібі және сауданы дамыту қажет деп көрсетілген болса, ереже тек қана мал ш-мен айналысуды мақұлдады. Бекітілген салық жүйесі бойынша әрбір түтінге 1 сом 50 тиын мөлшерінде салық белгіленді. Оған қоса линиялық казактарға жалданып жұмыс істеу үшін қазақтардың орыс әкімш-не билет бағасы ретінде күміс 15 тиын, билет алу мерзімін өткізіп алған жағдайда күміс 30 тиын төлейтін болды. Осындай қанаушы салық жүйесі арқылы Ресей империясы қазақ жерлерін күшпен тартып ала бастады. Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей империясының қазынасына түтін басына белгіленген салықтан 4 млн-нан астам пайда түскен. О. қ. б. т. е. қазақ қоғамында қалыптасқан билер сотының құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударды. Патша өкіметі бұл ин-ттың құзыры мен қызметін барынша шектеуге тырысты. Бұдан былай билер соты 50 сом күміс ақша мөлшеріне дейінгі азаматтық істерді ғана қарайтын болды. Ал кісі өлтіру, тонау, барымта, Ресей өкіметіне күш көрсету, руластарын өкіметке қарсы үгіттеу сияқты қылмыстарды қарау жергілікті әскери соттардың құзырына берілді. Ереже қазақ қоғамын Ресей империясының басқару жүйесін енгізуге және “бөліп ал да билей бер” қағидасына сүйенген отарлық саясатты іс жүзіне асыруға құқықтық негіз болды.

Орынбор қырғыздары туралы жарғы

– Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қаласына шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.<ref>Казахско-русские отношения в 18 – 19 веках, А.-А., 1964; Мәшімбаев С., Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, А., 1994; Қазақстан тарихы, А., 1994.</ref>

Орынбор – ташкент темір жолы

‘’Орынбор – ташкент темір жолы’’, 1901 – 05 ж. салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. О. – Т. т. ж-н салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Патша үкіметінің О. – Т. т. ж-н салудағы басты мақсаты Орт. Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімш. жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңт. бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолт. бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір у-нің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40 – 50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 ж. 1 қаңтарда бүкіл О. – Т. т. ж. бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солт. бөлігі толық аяқталып, 1905 ж. 25 шілдеде, оңт. бөлігі 1906 ж. 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 ж. 1 қаңтардан бастап Орынбор – СамараЗлатоуст жолының учаскесі, ал 1906 ж. 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент ст. О. – Т. т. ж-на қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса – Ақтөбе , Шалқар ,Қазалы,Қызылорда, Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орт. Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. О. – Т. т. ж. – қазіргі кезде Қазақстанның оңт. және батыс аудандарын Орт. Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығ. Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі т. ж. желісі. <ref>Материалы по обследованию казенных железных дорог; Ташкентская ж. д., СПб., 1913; Отчет по постройке северной части Оренбургско-Ташкентской ж. д., ч. 1. СПб., 1908; Асылбеков М.Х., Некоторые вопросы истории строительства Оренбургско-Ташкентской ж. д., Известия. АН КазССР. Сер. ист., арх. и этногр., 1962, вып. 2.</ref>

Орынбор шебі

Орынбор шебі – 18 ғ-дың 30 – 40-жылдары Қазақстанның батыс бөлігінде Ресей империясы құрған инженерлік-құрылыс жүйесі. Төм. Жайық, Самара, Қызыл, т.б. бөліктерден құралды. Кейіннен Закамск шебімен алмастырылды. О. ш. Ресейге жаңадан қосылған, бірақ әлі де толық бағына қоймаған қазақтардың башқұрттармен бірігіп жергілікті патша әкімш. мекемелеріне күтпеген шабуыл жасауынан қорғану, әрі осы аймаққа орыс шаруаларын әкеліп орналастыру мақсатында құрылды. Көп кешікпей 18 ғ-дың 2-жартысында Кіші жүздегі жағдайдың шиеленісіп, О. ш-не қазақтардың шабуылының үдеуі Ресей әкімш-н қатты алаңдатты. 1784 ж. жаңа тағайындалған Орынбор ген.-губернаторы О.А. Игельстром О.ш-нде жағдай өте қауіпті деп санады. Ол хандық билікті жоюды мақсат етіп, қазақтардың ойын білу үшін рубасы, старшындармен жиналыс өткізді. 1785 ж. күзде өткен осы жиналыс Кіші жүзде хандық биліктің жойылуын қолдап шықты. Бірақ Франциядағы революцияның Ресейге тарау мүмкіндігінен қатты сескенген патша өкіметі көп ұзамай хандық жүйені қалпына келтірді. 1798 ж. 10 сәуірде Орынбор ген.-губернаторына мынадай нақты тапсырма берілді:

  • 1) О. ш-не жақын маңда тұратын 20 мен 50 жас аралығындағы казак, башқұрт, қалмақтарды кантондарға бөліп, олардың шепте әскери қызмет өтеуіне қатаң бақылау жасау;
  • 2) О. ш-нің өзін әскери қызмет мақсатында 5 қашықтыққа бөлу.

Сол жылдың күзінде О. ш. 5 қашықтыққа бөлінді:

  • 1) Усть-Уйск бекінісінен Верхнеуральскіге дейінгі бекіністер мен редуттар (Звериноголовск бекінісі мен Алабужск редутын қоса есептегенде);
  • 2) Верхнеуральскіден Орск қалашығына дейін;
  • 3) Орскіден Орынборға дейін;
  • 4) Орынбордан Оралға дейін;
  • 5) Оралдан Гурьев қалашығына дейін.

<ref>Семенов В.Г., Семенова В.П., Губернаторы Оренбургского края, Оренбург, 1999.</ref>

Орынбор шекара комиссиясы

‘’Орынбор шекара комиссиясы’’ – үкіметтік мекеме. 1739 ж. 19 наурызда Орынбор шекаралық сотының орнына құрылды. О. ш. к. құрамында сот, азаматтық іс жүргізу және қаржы-есеп бөлімдері болды. Бұдан басқа Кіші жүз қазақтарын бақылаушы бөлім ашылды. Комиссияда негізінен қазақтар арасындағы барымта, жер дауы, орыс-казак бекіністері коменданттарының арыз-шағымы қаралды. Сонымен қатар комиссия қазақ жері арқылы өтетін сауда керуендерімен бірге Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтарына арнаулы барлаушылар мен тыңшылар жіберіп, Орт. Азияда болып жатқан жағдайлар туралы құпия мәліметтер алып отырды.
‘’’Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебі – қазақ балаларына арналған Ресей оқу жүйесі негізіндегі тұңғыш мектеп-интернат (1850). Мұнда оқу мерзімі 7 жыл болды.

  • Алғашқы жылы 20 шәкірт оқып, оларға 3 мұғалім сабақ берсе, 1859 ж. олар 40 оқушы, 9 мұғалімге жетті.
  • 1869 ж. мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылды. Мектептің бас тәрбиешісі Салықжан Кукляшев атты татар жігіті, ал жатақхана тәрбиешілері унтер офицерлер болды.
  • 1857 ж. мектептің тұңғыш түлектері білім куәлігін иеленді. Соның ішінде Ы.Алтынсарин де бар.

О. ш. к. ж. қ. м-нің білім дәрежесі орыстың приход және уездік уч-щелерімен теңдес болып, онда уездік уч-щелердің оқулықтары қолданылды. Мектепте орыс және қазақ тілдерін оқытатын мұғалімдерге осы екі тілді бірдей білу талабы қойылды. Мектептің оқу жоспарында орыс тілі, қазақ және татар тілі, арифметика, тарих, география, таза жазу және сызу, дене шынықтыру, орыс және қазақ тілдерінде іс жүргізу және тергеу, ислам діні пәндері қамтылды. Бұл оқу орны өмір сүрген 19 жыл ішінде 48 қазақ баласы білім алып шықты. Олардың біршамасы шекара комиссиясына жұмысқа қалдырылса, біразы өз елдерінде әкімш.-басқару жұмыстарына араласты, одан өзгелері қазақ ішіндегі орыс мектептерінде мұғалім болды. ‘’’1869 ж. мектеп жұмысы тоқтатылды.’’’

Орынбор мүфтилігі

Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма.

  • 1788 ж. 22 қыркүйекте Екатерина ІІ-нің жарлығына сәйкес Уфа қаласында ашылды.

Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілес Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен О. м-нің бас мүфтилігіне қазандық татар Мұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қаласында құрылған діни басқарма 1797 жылдан О. м. деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орт. Орынбор қ. болғандықтан, 1798 ж. діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қаласына қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның О. м. деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін О. м-не қарату шаралары 1789 ж. жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти Хұсайынов Орал қаласына келіп, қазақ ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін О. м-не қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін О. м-не қаратудың алғашқы қадамы еді. Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына О. м-нің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 ж. Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татар Мұхамеджан Қазиев, 1802 ж. Бөкей Ордасына Жүсіп Махмутов бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 ж. Айшуақ сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. О. м. қазақ балаларын Уфада, Қазанда, Троицкіде, Орынборда және Омбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. 19 ғ-дың 2-ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. О. м-нің қарамағында 18 ғ-дың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 ж. 3600 дана, 1806 ж. 1500 дана, 1853 ж. 82 мың дана Құран кітабын баспадан шығарды. 1807 ж. О. м. билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губ. әкімш-ке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда өтініштері аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі ендігі жерде мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. ‘’’1867 – 68’’’ ж. өткен саяси әкімш. реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орт. билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері О. м. құрамынан шығып қалды. О. м-нен өздерінің діни істерін шығарып тастауы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды О. м-не қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 ж. Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 ж. Қызылжарда молда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімш. қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 ж. жолдаған Қарқаралы хұзырхатында қазақтардың діни істерін О. м-не қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін О. м-не қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері О. м-не қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 ж. өлкеде Кеңес үкіметінің орнауымен О. м-нің қызметі тоқтатылды. <ref>Азаматов Д.Д., Оренбургское магометанское духовное собрание в конце XVІІІ – XІX, Уфа, 1999; Хабутдинов А., Миллет Оренбургского духовного собрания в конце XVІІІ – XІX веках, Казань, 2000; Рүстемов С., Орынбор мүфтилігі және қазақтар //Қазақ тарихы, 2004, №5.</ref>
‘’’Орынбор кадет корпусы’’’, қ. Неплюев әскери училищесі.

Орынбор ешкісі

Орынбор ешкісі – түбітті ешкі тұқымы. Жергілікті ешкілерді түбіт өнімділігі бағытында ұзақ уақыт сұрыптау арқылы Орынбор облысында шығарылған. Жүнінің 35%-ы түбіттен (ұзындығы 5 – 6 см, жіңішкелігі 14 – 16 мкм), 65%-ы қылшықтан (ұзындығы 7 – 9 см, жіңішкелігі 80 – 90 мкм) тұрады. Қылшығының түсі қара, түбіті – қара-сұр. Таралып алынған түбітінің салм. 0,2 – 0,5 кг-ға дейін жетеді. О. е-нің дене бітімі ірі, мүйізі үлкен. Текесінің шоқтығына дейінгі биікт. 68 – 70 см, ешкісінікі 63 – 65 см, текесінің тірілей салм. 65 – 70 кг, ешкісі 63 – 65 кг тартады. О. е. өсімтал, ұрғашыларының 25 – 40%-ы егіз табады. Маусымдық сауылу мерзіміндегі сүтінің мөлш. 90 – 120 кг, майл. 4,8 – 5,0%. Ең көп тараған аймақтары Ресей Федерациясының Орынбор, Челябі облыстары. Қазақстанның кейбір аудандарында жергілікті ешкі тұқымын жақсарту үшін пайдаланылады.

Орынбор ғылыми архив комиссиясы

– ғылыми-құжаттық мекеме. 1887 ж. желтоқсан айында 25 адамнан тұратын О. ғ. а. к. құрылды. Комиссияның басты мақсаты – архив істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археол. және этногр. материалдар жинау болды. Алғашқы жылы қазақтардың тарихы жөніндегі құжаттар, көрші мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастар туралы құжаттар жинақталды. Жергілікті өлкетанушылармен бірге комиссияның жұмысына В.В. Бартольд, Санкт-Петербург археология ин-тының директоры Н.В. Пок-ровский, акад. В.В. Радлов құрметті мүшелер ретінде қатысты. А.Балғымбаев, А.Байтұрсынов, М.Ф.Кәрімов, М.З.Рамеев, М.Ф.Сүлейменов, т.б. қазақ, татар және башқұрт зиялылары комиссия жұмысына белсене араласты. О. ғ. а. к-нда 18 – 19 ғ-ларда Қазақстанды Ресейдің отарлау тарихы жөнінде көптеген деректер жиналды. И.А. Кастаньенің “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің көне ескерткіштері” деген еңбегінде Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі деректемелік материалға жүйеленген шолу берілді. Комиссияның “Труды” атты өз баспасөз органы қызмет істеді. 1894 – 1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрді. О. ғ. а. к. Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орынбор|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}