Орталықсыздандыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:09, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Орталықсыздандыру (Үлгі:Lang-en; Үлгі:Lang-de ; Үлгі:Lang-la)

  1. басқару функцияларын орталықтан жергілікті билік органдарына беру, жоғары тұрған органдарындың есебінен төменгі билік органдарының өкілеттіліктерін кеңейту.
  2. орталықтандыруға қарама-қарсы басқару жүйесі, яғни жергілікті әкімшілік органдар мен қоғамдық өзін-өзі басқару мекемелерінің билік өкілдіктерін кеңейту.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Орталықсыздандыру түсінігінің әртүрлі анықтамасымен бірге оның түрлі формалары бар.

Қазақстан Республикасын Стратегиялық жоспарлау Агенттігінің мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру Концепциясының жобасында осы мемлекеттік функцияларды орталықсыздандырудың екі формасын бөліп көрсетеді: бөлшектеу және деволюция.

Жоғарғы білім жүйесінің орталықсыздандырылуы

Жоғарғы білім жүйесінің орталықсыздандырылуы - ЖОО-ның өзіндік оқыту бағдарламасын құрудағы, қаржыландырудың көздерін іздеудегі, т.б. еркіндігін кеңейту.<ref name="a1"/>

Бөлшектеу

Билікті бөлшектеу деп иерархиялық басқару жүйесінің күшін сақтай отырып, мемлекеттік биліктің басқару функцияларын осы жүйесі бойынша төменгі билік органдарына берумен байланысты үрдісті айтады.

Оны «әкімшілік орталықсыздандыру» деп те атайды.

Билікті бөлшектеу басқарудың әкімшілік астарына да қатысты және оның орталық және орталық емес басқару органдары арасында функцияларды иерархиялық бөлуді қайта қалыптастыру сияқты мақсаттары бар. Орталықсыздандыру саяси жағынан (саяси орталықсыздандыру) келсе, ол шешім қабылдау құқығын жергілікті басқару органдарына беруді білдіреді. Оның құқықтық жүзеге асуы жергілікті басқаруды білдіреді.

Деволюция

Деволюция (міндеттерді табыстау) жергілікті басқару органдарына шешім қабылдауға және дербес қаржылық, басқарушылық іс-әрекет жүргізуге құқық беру.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}