Омбы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Елді мекен-Ресей Омбы (Үлгі:Lang-ru) — Ресейдегі қала. Омбы облысының орталығы.

Географиясы

Ом өзенінің Ертіске құятын жеріндегі порт, темір жол желілері мен автожолдардың торабы.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім</ref>

Халқы

Халқының саны жағынан (1172 мың) Сібірде Новосібірден кейін 2-орын алады, Сібірдің ірі өнеркәсіп орталығы. Қалада астық жинайтын комбайндар, теледидар, газ жабдықтары, аспаптар, әртүрлі өнеркәсіп құрал-жабдықтары, электротехника, мұнай, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары кәсіпорындары жұмыс істейді.

Мәдениеті

4 жылу-энергетикалық орталықтары, 10 жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институты, академиялық драма театры, музыкалық драма, қуыршақ театры, цирк, Ф.М. Достоевский атынд. өлкетану музейі (жазушы Омбыда 1850 – 54 ж. айдауда болды), М.А. Врубель атындағы сурет галереясы бар.

Тарихы

Омбы бекінісін 1716 ж. Петр І патшаның бұйрығы бойынша Сібір генерал-губернаторы М.П. Гагарин салдырған. 1782 ж. қала мәртебесін алып, Тобыл (1782 – 98) округінің орталығы, Тобыл губерниясының (1804 – 22, 1839 – 68), Омбы (1822 – 39) және Ақмола (1868 – 1918) облыстарының, Батыс Сібір (1824 – 82) және Дала (1882 – 1917) генерал-губернаторлығының орталығы болды. Омбы қаласының тарихы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанмен тығыз байланыста болды. Омбыда қазақтың көптеген белгілі ағартушылары оқып, білім алды. 1813 ж. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарасты қазақ жерлерін басқару мекемелеріне қазақ жастарын даярлау мақсатында Омбыда Сібір әскери орыс-қазақ желілік училищесі ашылды. Бұл училищені Уәлиханов, М.Шорманов оқып бітірген. Осы әскери оқу орнының негізінде 1845 ж. Омбы кадет корпусы ашылды. 20 ғасырдың бас кезінде Омбыдағы оқу орындарында көптеген белгілі қазақ қайраткерлері (Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, т.б.) білім алды. 1840 ж. Омбы қаласындағы қазақтардың саны 109 адам болса, 1897 ж. Омбы уезіндегі қазақтар 37680-ге (Омбы қаласында – 105 адам), ал 1916 ж. 38970-ке жетті. Қазақ елі өз тәуелсіздігіне ие болуына байланысты Омбыдағы қазақ диаспорасы ұлттық-мәдени орталықтар құрып, Қазақстанмен өзара байланыстарын жолға қоя бастады. 2004 ж. Омбы қаласында Ш.Уәлихановтың атына көше беріліп, ескерткіш орнатылды. Қазіргі уақытта Омбы облысында тұрып жатқан 100 мыңнан аса (2002) қазақ “Омбы облыстық қазақ мәдени орталығы”, “Аманат ұлттық бірлестігі”, “Мөлдір” қазақ мәдени орталығы сияқты ұйымдарға біріккен. 2002 жылдан “Омбы үні” атты үнпарақ шыға бастады.

Дипломатиялық және консулдық өкілдіктер

Бауырлас қалалар

Серіктес қалалар

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Омбы веб-камералары

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Омбы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}