Ойынға шақыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ойынға шақыру. Ойынға құмар ауыл балаларының жалғыз ойнамайтыны белгiлi, олар үйден-үйге, ауладан-аулаға жүгiрiп өз серiктерiн iздеп бiрiн-бiрi ойынға шақырады. Мұндай шақырулардың балалар арасындағы тәсiлдерi көп-ақ. Олар өздерi алдын-ала келiсiлген түрлi белгiлермен ысқырып, қақпаны қағып, тас лақтырып белгi берсе, кейде өздерi қойған лақап аттарын атайды. Сондай-ақ мұндай шақыруды балалар көп жағдайда өлеңмен де бiлдiредi. Ол өлеңдердi балалар жеке-жеке де, хормен де дауыстап айта бередi. Өлеңнiң мазмұны көбiне баланы ызаландырып, шамына тиiп қалайда ойынға шығаруды көздейдi. Мысалы, өлең текстерi мынандай болып келедi: Айдағаным торпақ, Ала тайым жортақ. Кiм ойынға шықпаса, Қоян жүрек қорқақ. Кейде өлеңге:

Әуеде ұшқан алты қаз, Атайын десем оғым аз. Егер ойынға келмесе, Пәленшенің басы таз, – деген сияқты баланың аты да қосақталып айтылады. Мұндай өлеңдер ұл балалар арасында жиi айтылады. Қыздар айтатын өлеңдер: Пәленше бiзбен дос, Қолы күнде бос. Добын ала шығады, Дарбазасын жаба шығады, – деген тәрiздi сыпайы мазмұнға құрылады. Олардың iшiнде: Есегi ақырады, Қоразы шақырады. Пәленше үйден шықса, Атасы қоса бақырады, – деген сияқты мысқыл, әжуа өлеңдер де кездеседi. Орыс фольклортану ғылымында бұл өлеңдер «голосянки» деп аталса, О.Сафаров оны өзбек тiлiнде «чарломалар» деп атады. Қазақ тiлiнде халықтық термин болмағандықтан да бiз бұл өлеңдердi ойынға шақыру өлеңдерi деп атадық. Дереккөздер Кенжехан Ісләмжанұлы. Рухани уыз. А.,2008

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}