Нұғыман Әбішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Нұғыман Әбішев (1906-1988), әнші. Қазақстанның халық артисі (1968).

Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ өңірінің түлегі. Алғаш 1934 ж. Бүкілқазақстандық халық өнерпаздары слетінде жүлдегер атанған. 1935-1960 ж. Қазақ мемлекеттік филармониясында, 1960-1970 ж. «Қазақконцертте» әнші болды. Абай, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса және басқа халық композиторларының әндерін насихаттауда елеулі еңбек етті. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Орындауындағы әндер қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}