Нұрлан Далбай
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрлан Далбай (11 сәуір 1961, Алматы қаласы) - суретші.
- 1983 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады;
- 1989 жылы Е. Репин атындағы академияны аяқтады.
- 1993 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
Шығармашылығы
- 1990 жылы Дрезден қаласындағы (Германия) Жоғарғы өнер мектебінде тәжірибе жинақтаудан өтті.
- Ғ.Орманов (бюст, 1984)
- Алматыдағы Тәуелсіздік монументі (1998, басқа авторлармен бірге)
- М.Мақатаев (2002)
- Ә.Қастеев (2004)
- Атыраудағы Д.Нүрпейісова (1999)
- Астанадағы Кенесары Қасымұлы (2001)
- Оралдағы Абай (2002)
- Сырым Датұлы, т.б. ескерткіштердің авторы.
- Астана қаласындағы Кенесары Қасымов ескерткішінің авторы
Кескіндеме саласында да еңбек етеді. 1987 жылы Алматыда жеке көрмесі ұйымдастырылды. Халықаралық көрмелерге (Германия, 1996; Баку, 1999; Лондон, 2000, т.б.) қатысқан. Жеке еңбектері Қазақстан, Франция, Түркия, Германия, Швеция және т.б. жеке коллекцияларынан табылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}