Нұрлан Асқарұлы Ноғаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев - (30 шілде 1967 жыл) - 2016 жылдың 26 наурызынан бастап Атырау облысының әкімі <ref> Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды</ref>.
Білімі
- Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы.
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы,
- Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институты, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
- Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Биографиясы
- Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
- 1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
- 1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
- 1996-2006 ж.ж - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
- 2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.
- 2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.
- 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары.
- 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
- 2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
- 2016 жылғы 26 наурыздан - Атырау облысының әкімі.
Наградалары
- 2010 жылы «Құрмет» ордені;
- "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі;
- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі;
Дереккөздер
<references/>