Неокантшылдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:54, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Неокантшылдық<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> – XIX ғасырдың 2-жартысында Германияда пайда болған ағым. Кейіннен Франция, Италия, Ресейге кеңінен таралып, бірнеше бағыттары белгілі болды. Мысалы,

  1. Кант идеализмін дінмен сабақтастырған “метафизикалық” Неокантшылдық (Либман, Фолькелть);
  2. Канттың таным теориясын сезім органдарының физиологиясымен байланыстырған физиолог Неокантшылдық (Ланге, Гельмгольц, т.б.);
  3. транцендетальды-логик. Неокантшылдық (Маргбург мектебі),
  4. транцендетальды-психологиялық неокантшылдық (Баден мектебі).

Неғұрлым кеңірек тараған кейінгі екі бағыт маргбургшілдер (басты өкілдері – Коген, Наторп, Кассирер) ғылыми ұғымдар мен философиялық категорияларды объективті мағынасы жоқ, тек қана логикалық конструкция деп қарастырып, “этикалық социализм” ілімінің негізін қалады. Баденшілдер (Виндельба, Риккерт) болса жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың өзара ерекшеліктерін ашып, рухани құндылықтардың маңызына ден қойды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Неокантшылдық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}