Мәслихат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:57, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мәслихат<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref> — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:

  • аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
  • қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
  • әкім ұсынған әкімшілік — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
  • әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
  • атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
  • ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
  • ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
  • жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
  • мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;
  • халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
  • ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
  • ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  • ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.

Мәслихат сессиясы

Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 рет өткізіледі), өзінің тұрақты комиссиясы, мәслихат сессиясының төрағасы, бюджеттіңдепутаттар, мәслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихат сессияның төрағасы мен оның хатшысын сайлайды, олардың есептерін тыңдайды, тұрақты комиссияны қалыптастырады, мәслихаттың шығындарын анықтайды, ревизиялық комиссияның актілерін бекітеді, мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді.

Мәслихат сессиясы ашық түрде жүреді. Сессия төрағасы жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін шақыруға құқылы. Мәслихат өзінің мерзімінде тұрақты комиссияны құрады, онда жеті депутаттан артық болмайды. Тұрақты комиссия жылына бір рет есеп беріп тұрады. Мәслихат қызметінде ревизиялық комиссияның атқаратын рөлі жоғары. Ревизиялық комиссия мәслихат өкілетінің мерзіміне сайланады, олар жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жасайды. Тексеру нәтижесімен ревизилық комиссия мәслихат пен акиматты ақпараттандырады.

Мәслихат немесе оның хатшысы мәслихат сессиясында қарауға мәселелерді енгізу жөнінде уақытша комиссия құруға құқығы бар. Уақытша комиссияның құрамын, міндетін, өкілетін, құқығын мәслихат анықтайды. Уақытша комиссия жұмысына қатынасқаны үшін еңбек ақы төленбейді.

Хатшы

Мәслихат құрылымында хатшының атқаратын рөлі зор, ол мәслихаттың ағымдағы барлық жұмыстарын орындайды. Бұл лауазымды тұлға, ол тұрақты негізде жұмыс істейді. Мәслихат хатшысының оның тұрақты комиссиясының құрамында болуға құқығы жоқ. Мәслихат функциясын жүзеге асыру үшін шағын аппарат құрылады, оның құрылымы мен сандық құрамы орындалатын жұмыстың деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды — техникалық және басқа да мәслихаттың органдарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.

Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәслихат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}