Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:32, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев.JPG
Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев

Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев.

1949 жылы Жезқазған облысының Рудник кентінде туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1972-1976 жылдары – Жезқазған шахтабұрғылау трестінде шахтаның тау-кен шебері, комсомол комитетінің хатшысы. 1976-1991 жылдары – партия және кеңес жұмыстарында болған. 1991-1995 жылдары Қаражал қалалық әкімшілігінің басшысы – Жәйрем-Атасу жиынтық экономикалық аймақтың әкімшілік кеңесінің төрағасы болды. 1995-1999 жылдары – бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 1999 жылы Мәжіліс депутаты, екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. Депутаттық өкілеттіктерін 2004 жылдың қазанында тоқтатты.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы - ұстамды көзқараста.

Саяси қайраткер ретіндеғі идеалы-Дэн Сяопин, Ф.Д. Рузвельт.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркенденген ел, парасатты, жоғары білімді халық».

Хоббиі - домбыра тарту, гитарада ойнау, спорттың ойындықтүрлері .

Сүйіп оқитын әдебиеті -тарих , криминалистика тақырыптарындағы әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Абылаева Қаламқас Абылайқызы (1950 жылы туған), «ВДО Қазақстанаудит» компаниясының аудиторы. Қыздары - Гауһхар (1973 жылы туған); Ғалия (1980 жылы туған); ұлы - Ғабит (1977 жылы туған). Немерелері - Дамир (1994 жылы туған), Темірлан (1999 жылы туған), Аида (2005 жылы туған), Арсен (2006 жылы туған), Айғаным (2006 жылы туған), Айсұлтан (2007 жылы туған), Әлімжан (2008 жылы туған).

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}