Музыкалық форма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:48, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Музыкалық форма<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – кең ұғымда музыкалық шығарманың идеялық-эмоциялық мазмұнын білдіретін музыканың мәнерлеу құралдарының (мелодия, екпін, ырғақ, гармония, т.б.) жиынтығы. Музыкалық шығарманың көркемдігі – мазмұн мен форма бірлігінде. Ал тар ұғымдағы музыкалық форма музыкалық шығарманың құрылымы (композициясы) болып табылады. Музыканың тарихи даму барысында музыкалық образдарды бейнелеу, оларды бір-бірімен салыстыру, даму принциптеріне негізделген музыкалық форманың біршама тұрақты түрлері қалыптасты. Музыкалық форма түрлері әр дәуірде, композиторлардың шығармаларында, жеке шығармаларда өзгерістерге ұшырап отырды. Музыкалық форманың элементтері: мотив, фраза, музыкалық сөйлем, период. Музыкалық форманың шумақтық, екі бөлімді, үш бөлімді (жай және күрделі) сонаталық, вариациалық рондо, фуга, полифониялық, т.б. түрлері болады. Сондай-ақ циклдік формалар да (соната, сюита, рондо-соната, прелюдия, фантазия) кеңінен тараған. Циклдік форма бөлшектері әр түрлі музыкалық формада (жай, күрделі, полифониялық) жазылады. Ал сонаталық формаға сонаталармен қатар симфониялар, квартеттер, концерттер, т.б. жатады. Күрделі вокалдық-симфониялық (оратория, кантата, месса) және музыкалық-сахналық шығармалар (опера, балет) бірнеше бөлімнен құрылады. Бұл шығармалардың әр бөлімдері (увертюра, ариялар, ансамбльдер) дағдылы музыкалық формада (мысалы, ария екі немесе үш бөлімі рондо формасында) жазылады. Мұнда композицияның жалпы принциптері музыкалық драматургияның заңдылықтарына сәйкес өзгеріп отырады.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Способин И.В., Музыкальная форма, 5 изд., М., 1972
  • Мазель Л., Строение музыкальных произведений, М., 1979
  • Холопова В.Н., Форма музыкальных произведений (Учебное пособие), СПб., 1999

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Музыкалық форма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}