Моңғолтану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:00, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Моңғолтану – тарих ғылымының Моңғолия мен Ішкі Моңғолиядағы жергілікті халықтарға байланысты мәселелерін зерттейтін саласы. 13 ғасырдың бас кезінде Шыңғыс хан басқарған моңғол мемлекетінің тарихи сахнаға шығып, аз уақытта орасан зор империяға айналуы моңғолтану мәселесін сол кездің өзінде-ақ зерттей бастауға әкелді. Қытай, Еуропа, араб, түркі зерттеушілері моңғолдар, олардың атақты билеушісі Шыңғыс хан жөніндегі мәселелерге көңіл бөле бастады. Бірқатар еңбектер Шыңғыс хан жорықтарының ізі суымай жатып-ақ жарық көрді. Мұндай зерттеулердің қатарына А.Жуайни, Мэн Хун, Марко Поло, Рашид әд-Дин, Джованни Плано Карпини және Вильгельм Рубруктардың еңбектерін жатқызуға болады. Орта ғасырлардың соңына қарай Еуропада Моңғолтану тақырыбына арналған шығармалар қатары толыға түсті. Ресейде Моңғолтану 19 ғасырдың орта кезінен бастап дами бастады. Моңғолтану мәселелері жөнінде Н.Я. Бичурин, П.Кафаров, С.Козин, Г.Е. Грумм – Гржимайло, В.Я. Владимирцов, Т.Н. Потанин, А.М.Позднеев, С.Е.Малов тәрізді ғалымдар қалам тартты. Н.М. Ядринцев, В.В. Радлов, П.К. Козлов, С.В. Киселевтар бастаған экспед-лар моңғол жеріндегі түркілердің ежелгі астанасы – Қарақорым қаласын ашып, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге Ноян жотасындағы археол. қазбалардың негізінде көне түркілік өркениеттің ізін тапты. Даниялық ғалым Вильгельм Томсеннің 1893 жылы Орхон-Енисей көне түркі жазуының сырын ашуы Моңғолтану мәселесін жаңа биіктерге шығарды. 20 ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Моңғолтану ісіне АҚШ, Жапония, Германия ғалымдары да атсалыса бастады. 20 ғасырдың ортасынан бастап Моңғолтану мәселесі тарих ғылымының өзекті тақырыптарының біріне айналды. 1959 жылы 1-8 қыркүйекте Ұланбатыр қаласында моңғолтанушылардың халықар. 1-ші құрылтайына әлемнің 15 елінен 40 ғалым қатысты. Құрылтайға қатысушы ғалымдар халықар. Моңғол зерттеу одағын құрды. Қазіргі кезде Моңғолтану ғылымының аса көрнекті өкілдері қатарына В.Хаиссиг (Германия), Мураками Малансугу, Х.Линобу, М.Шимада және Умесао (бәрі де Жапониядан), Ч.Бауден (Англия), В.М. Солнцев, А.Деревянко (Ресей), Цай Мэбио (Қытай), Д.Кара (Мажарстан), П.Аолто (Финляндия), т.б. жатады. Моңғолтанумен соңғы жылдары қазақ ғалымдары да айналыса бастады<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Моңғолтану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}