Меруерт Нағыметқызы Асатова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Меруерт Нағыметқызы Асатова (29.12.1951, Арал ауданы, «Аралсульфат» қыстағы) – тарихшы-ғалым, тарих ғылымының кандидаты (1979). ҚМУ-дың профессор (2002 ж.). «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі». Қазақ педогогикалық институтын (ҚазҰПУ-ды) (1971) және осы институттың аспирантурасын (1976) бітірген. 1971 – 73 ж. Арал қаласындағы орта мектепте мұғалім болды. 1976 – 94 ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекет университетінде тарих кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1994 – 97 ж. университет жанынан ашылған «Қабілет» гимназиясының директоры, 1997–99 ж. университетте құрылған гуманитарлық білім беру орталығының директоры, 1999–2001 ж. аға ғылым қызметкер. 2003 ж. музыка-педогогикалық факультеттің деканы. Ғылым жұмысының негізгі бағыты: Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері, қазақ мәдениетінің тарихы. 60-тан астам ғылым мақаласы, 5 ғылым-әдістемелік құралы жарық көрген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}