Машина жасау кешені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:04, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Машина жасаудың экономикадағы рөлі

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);

2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);

3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар?

Орналасу факторлары мен географиясы

Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек қорларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Бұл салалар өрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған. Металды көп қажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.

Сен білесің бе?

  • 1. Қазақстандағы ең алғаш құрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады.
  • 2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны - Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери қызметкерлердің айыру белгілерін, әшекей бұйымдар шығарады.
  • 3. Құны 20 млн. долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік корей филиалы «Дженерал Моторс»Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде. Зауыттың жобалау қуаты - жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 - «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс.
  • 4. Қазақстанда барлығы 30-дай өр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады.
  • 5. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды. Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (қой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады.
  • 6. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері - алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар - ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда.
  • 7. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролық зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша қарудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта қорғаныс зауыттар Қазақстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда.
  • 8. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай Қазақстандықтар және шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды.<ref>Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7</ref>

Машина жасауға байланысты

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-geo-stub

ta:இயந்திரவியல் tl:Inhinyeryang mekanikal