Мархабат Томанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мархабат Томанов (5 ақпан 1932 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы ауылы – 1988 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1977), профессор (1979).
Қысқаша өмірбаяны:
- 1954 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- 1957–1961 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер.
- 1961–1964 жылдары Гурьев педогогика институтында (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) ғылыми қызметкер.
- 1964 жылдан ҚазҰУ-да доцент, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Еңбектері:
Томановтың негізгі еңбектері
- 'көне түркі жазба ескерткіштері
- қазақ тілі грамматикасы тарихы
- синтаксис
- стилистика.
- Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Жетістіктері:
200-ден аса қазақ тілінде және ежелгі түрік ескерткіштерінің тілінде жазылған қазақша және орысша ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.
Ғылыми әдеби шығармалары үшін Жалпы Одақтың конкурс дипломымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. КСРО ҒА ОЛЯ жанындағы түркология комитеті кеңесінің мүшесі (1979 ж.).
2004 жылы профессор М.Т. Томанов жаңа буынға оқулықтар жазған ерен еңбегі үшін А. Байтұрсынов медалімен марапатталды.
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}