Манаш Қабашұлы Қозыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Ғалым Манаш Қабашұлы Қозыбаев (16 қараша 1931 жылы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы - 30 қазан 2002 жылы, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (1995), ҚР тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1997) және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың (1970) иегері. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1986). Қостанай облысының Құрметті азаматы.

Толығырақ

  • Манаш Қабашұлы 1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында туған.
  • 1953 жылы ҚазМУ-ды бітірген.
  • 1953 – 58 жылдары Қостанай педогогикалық институтында,
  • 1958 – 74 жылдары СОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ бөлімшесінде,
  • 1974 – 79 жылдары Алматы мал дәрігерлік институтында, кейін ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтында ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты.
  • 1979 – 86 жылдарыҚазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы;
  • 1986 – 88 жылдары Қазақстан ҒА Тарих және этнол. институты тарихнама бөлімінің меңгерушісі,
  • 1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы институт директоры болды.
  • 2002 жылы Алматыда қайтыс болды.

Ғылыми шығармашылығы

  • Оның 30 монографиясы, 50-ден астам ұжымдық еңбектері бар. Қ. басшылығымен “Қазақстан тарихы” академиялық басылымының 3 томы, ағылшын тілінде “Қазақстан тарихы”, көптеген құжаттар жинақтары, т.б. жарық көрді. Қозыбаев отандық тарихнамада жеке ғылыми мектеп қалыптастырды. 90-ға жуық шәкірт тәрбиеледі. Халықар. конгрестерде, конференциялар мен симпозиумдарда 200-ге жуық баяндамалар жасады. Еңбектері Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Иран, АҚШ, Корея, Армения, Беларуссия, тағыда басқа елдерде жарық көрді.
  • Ғылыми зерттеулері Қазақстан халқының 2-дүн. жүз. соғыс жылдарындағы ерлігі мен қаһармандық еңбегіне, Қазақстан мемлекетінің құрылу және қалыптасу тарихына арналған. Оның «Қазақстан- майдан арсеналы», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Ұлы ерлік», «Қазақстан тарихы»т. б. монографиялары жарық көрген. Ғалымның еңбектері тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына, елдегі улттық идеологияны белгілеп, қалыптастыру мәселелеріне арналған. Бірқатар еңбектерінде Абайдың қазақ тарихында алар орны мен тарихи көзқарастары қарастырылады.
  • Әр ғалым отандық зерттеулерге айтарлықтай өз үлесін қосады. Бұған халқымыздың: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген дана сөзі дәлел. Осындай нақыл сөзді халқымыз тарих тарланбозы, академик Манаш Қозыбаевқа арнап айтқандай. Қазақстан тарихына 40 жылдық өмірін арнаған М.Қозыбаев артынан 800-ден астам ғылыми-көпшілік еңбектер, соның ішінде 30 монография, 50-ден астам ұжымдық еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдар қалдырып кеткен. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуы мен осы кездегі тарихи оқиғаларға арналған. Ғалымның тек соңғы 10 жыл ішіндегі еңбектері мен зерттеулері, мақалалары мен ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары 9 томдық құрайды. Академиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыстарын дамыта отырып, М.Қ.Қозыбаев орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы пәнінен оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды. Оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы»,саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық «Азалы кітап», көпшілік қауымға арналған «Иллюстрированная история Казахстана» басылып шықты.
  • Оның өмірі мен қызметі- әрбір қазақ баласы үшін үлгі. Ол 1958 жылдан 1974 жылға дейін КОКП ОК жанындағы марксизм- ленинизм институтының Қазақ филиалында аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, сектор меңгерушісі болып қызмет етті. 1986 жылдан -ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кафедра меңгерушісі, содан кейін институт директоры. М.Қ.Қозыбаевтың отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік марапаттаулармен атап өтілген. Соның ішінде ең жоғары наградасы Қазақстан тарихының өзекті проблемаларына арналған бір топ зерттеулері үшін ол ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы болып табылады.

Ғылыми атақтары

Мемлекеттік марапаттары

Әдебиеттер

  • http://www.nkzu.kz/page/view?id=28 (Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны)
  • http://kazorta.org/m-ozybaev-ly-t-l-a/ (М. Қозыбаев-ұлы тұлға)
  • Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы: Қазақстан, 1994, 192 бет
  • Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы.-Алматы: -«Қазақ университеті», 1992-272 бет
  • Қозыбаев М. Киелі тәуелсіздік. –Алматы: Баспалар үйі, 2009. 448 бет