Мадлендік мәдениет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мадлендік мәдениет (Magdalenian culture), тас ғасырының мәдениеті және Еуропадағы жоғарғы ПАЛЕОЛИТ дәуірінің көркем дәстүрі. <ref> Britanica настольная энциоклопедия. Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT) ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)</ref>.

Францияның оңтүстік-батысындағы Ла-Мадлен мекені бойынша аталды. Мадлендіктер солтүстік бұғылар, жабайы аттар мен бизондардың көп табыны болған кезде шамамен 11-17 мың жыл бұрын өмір сүрді. Шамасы олар азықтың молдығынан жартылай көшпелі өмір сүрген сияқты. Олар қысқа сапты найза, тұзақ және қақпандардың көмегімен аң аулап, тау қуысы, үңгір, шатырларда тіршілік еткен.

Мадлендік тас құралдарының арасынан пышақ, жонғыш аспап, қырғыш, тескіш темір, үшкір таяқтар табылды. Шот балта, балға, найза ұштағыш, сүңгі, көзі бар инелер т.б. сүйектен жасалған құралдардың арасынан көптеген жануарлардың суреті бейнеленген.

Үңгір өнерінің алғашқы кезеңіне дөрекі қара суреттер тән, ал кейінгі кезеңінде Испаниядағы АЛЬТАМИРА үңгірінде кездескендей әдемі салынған шынайы полихромдық кескіндер салынған. Мадлендік мәдениет төртінші (вюрмдік) мұз қатудың соңында климаттың жылыну кезінде (шамамен 10 мың жыл) және табын-табын болып жүретін жануарлар азайған уақытта жоғалды.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}