Любеч съезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:17, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Любеч съезі - орыс князьдарының жер үшін өзара алауыздықты жойып, Русьті қыпшақтарға қарсы күресуге шақырған съезі. <ref> Греков Б.Д., Киевская Русь, М., 1953 </ref>

Съезд 1097 жылы Любеч қаласында өтті. Съезге 6 князь қатысты: Святополк Изяславич, Владимир Мономах, Олег және Давид Святославичтер, Давид Игоревич және Василий Ростиславич. Съезд князьдардың әкелерінің жерін мұраға қалдыру принципін жариялады. Бұл шешім Русьте ірі феодалдық жер иеленушіліктің қалыптасқандығын аңғартты. Алайда князьдар арасында алауыздық күрес көп кешікпей қайта басталып кетті.<ref> Рыбаков Б.А., Первые века русской истории, М., 1964 </ref>

Дереккөздер

<references/>