Лев Давидович Троцкий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:19, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Троцкий (Бронштейн) Лев Давидович (25.10.1879, Харьков губерниясы Яновка ауылы – 21.8.1940, Мехико қаласы) – саяси қайраткер.

  • 1897 жылы Одессадағы реалды уч-щені бітірген. Училищеде оқып жүргенде “Оңтүстік орыс жұмысшыларының одағы” атты астыртын ұйымға мүше болып, марксизм ілімін насихаттауға белсене қатысты.

Ұлы Қазан төңкерісі жетекшілерінің бірі.Ленин қайтыс болғанан кейін Сталин жүргізіп отырған саясатқа қарсы шығып, оның саяси бәсекелесіне айналды .1924 РК (б)П тарапынан (ұсақ буржуазиялық ауытқушылық)ретінде айыпталып,оны жақтаушылар(троцкийшілер)деп аталады.1927 жылы партия қатарынан шығарылды.1929 жылы ОГПУ-дің шешімімен КСРО аумағынан аластатылды. Өмірінің ақырына дейін Стамбул маңында,Францияда,Норвогияда,Мехико тұрды . 1940 жылы НКВД-ның арнайы жіберген арнайы агенті Р.Меркадердіңқолына қаза тапты. Ол Троцкийді тауға шығушылардың мұз шабатын балғасымен басынан ұрып өлтірген болатын. Р. Маркадер 20 жыл Мексика түрмесінде жатып шыққан соң 60 жылдарда КСРО ға келіп, Кеңес одағының батыры атанып, Ленин орденімен марапатталады.

  • 1898 жылы патша өкіметі оны тұтқынға алып, Иркутск губерниясына жер аударды.
  • 1900 жылы айдаудан қашып, Лондонға В.И. Ленинмен және өзге де ресейлік революционер-эмигранттармен тығыз байланыс орнатты.
  • 1903 – 1905 жылы РСДЖП-ның белсенді мүшесі ретінде оның большевиктер мен меньшевиктер фракциясына бөлінуіне қарсы шығып, партияны қайта бірігуге шақырды. Ресейде болатын революция дүние жүзі пролетариатын оятып, социологиялық революцияға ұласады деген “перманентті” (үздіксіз) революция теориясын ұсынды.
  • 1905 – 1907 жылы Ресейге оралып, Петербург жұмысшы депутаттары кеңесіне жетекшілік етті, оның органы “Известия” газетінің редакторы қызметін атқарды.

1908 – 1912 жылы Венада шығып тұрған “Правда” газетінің редакторы болды.

  • 1912 жылы меньшевиктермен бірлесуді жақтауына байланысты Ленин тарапынан айыпталып, большевиктер партиясы қатарынан шығарылды.
  • 1914 жылы меньшевик П.В. Мартовпен бірлесіп, Парижде “Наше слово” газетін шығарды. Бұл газет 1-дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты француз өкіметі тарапынан немістердің мүддесін жақтаушы ретінде айыпталып, Троцкий Франциядан қуылды.
  • 1916 жылы Троцкий АҚШ-қа барып, онда “Новый мир” атты газеттің редакциясында қызмет етті.
  • 1917 жылы мамырда Ресейге оралып, Петербор жұмысшы және солдат депутаттары кеңесіне төрағалық етті. Большевиктер партиясы қатарына қайта қабылданып, оның Орталық Коммитетіне мүше болып сайланды.
  • Қазан төңкерісі жетекшілерінің бірі болды. Қазан төңкерісінен кейін 1917 – 1918 жылы РКФСР Сыртқы істер халық комиссары болды.
  • 1918 – 1925 жылы Әскери істер халық комиссары, Революциялық әскери кеңестің төрағасы болды. Қызыл Армияның негізін қалап, Азамат соғысы жылдарында оның майдандағы қимылдарына жетекшілік етті. Қызыл террордың жүргізілуін қолдап, кеңестік билікке наразылық танытушыларды аяусыз жазалауды ұйымдастырды. Ленин қайтыс болғаннан кейін И.В. Сталин жүргізіп отырған саясатқа қарсы шығып, оның саяси бәсекелесіне айналды.
  • Троцкийдің саяси ұстанымдары 1924 жылы РК(б)П тарапынан “ұсақ буржуазиялық ауытқушылық” ретінде айыпталып, оны жақтаушылар “троцкишілдер” деп бағалады.
  • 1927 жылы Троцкий партия қатарынан шығарылып, Алматыға жер аударылды. Мұнда ресми билікке оппозицияда болған қазақ қайраткерлерімен байланыс орнатты.
  • 1929 жылы ОГПУ-дің шешімімен КСРО аумағынан аластатылды.
  • Ол 1933 жылға дейін Стамбұл маңындағы аралда, 1933 – 35 жылы Францияда, 1935 – 37 жылы Норвегияда тұрды.
  • 1937 жылы Мексика президенті Карденастың шақыруымен Мехико қаласына барып орналасты. Ол эмиграцияда жүріп, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйені сынауды одан әрі жүргізді. НКВД-ның арнайы жіберген испандық агенті Р.Меркадердің қолынан қаза тапты.

1940 жылы 20 тамызда Мексикада паналап жүрген Троцкийдің қасына қолжазба көрсетуге НКВД жендеті Рамон Меркадер келеді. Троцкий қолжазбаны оқып тұрғанда Рамон оның басынан шыңға шығушылардың мұз шабатын балтасымен бірақ ұрады. Ауыр жараланған Троцкий келесі күні жан тапсырады. Рамон Мексика түрмесінде 20 жыл жатып, босаған соң КСРО ға келеді. НКВД басшысы оған тіке жолығып, оған КСРО-ның батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтеме

<references />