Лаврентий Иванович Цой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:12, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Лаврентий Иванович Цой (19.4. 1916, Ресей, Приморье өлкесі Хасан ауданы Сидими станциясы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі (1967).

Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген (1944, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті). Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биологиялық институтында кіші ғылыми қызметкер, Ақтөбе мал шаруашылық станциясында аға ғылыми қызметкер (1944–1948), республиканың қой шаруашылығында зоотехник (1948–195]), Шымкент мемл. ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1953–1960), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында доцент (1960–1973), кафедра меңгерушісі (1973–1986).

1971 жылы «Южноказахский меринос (методы совершенствования новой породы в условиях Чимкентской области КазССР)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері қой селекциясы және оны өсіру мәселелеріне арналған. Цой оңтүстік қазақ мериносын шығарушылардың (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1970) бірі. Қой будандастыру әдістерін жетілдірген.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub