Лабак кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Лабак кесенесі - Ұлытау ауданы Малшыбай ауылының оңтүстік шығысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан. Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші болып есептеледі. Автор, құрылысшы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы белгісіз. 1975 жылы жазда ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы зерттеген. (М.Маманбаев, М.Нұрқабаев, М.Сембин). Кесене бір камералы порталды-күмбезді құрылыс.Порталды қуыстың қабырғаларында өсімдіктен жасалған бояумен араб әріптерімен жазылған жазуы және оюы бар екі шаршы кірпіш бар. Эпиграфика нашар сақталған. Солтүстік, батыс және шығыс қасбеті «шырша» бейнесінде қаланған кірпіштермен безендірілген. Кіре беріс ойық шошақ пішінді. Кесене дымқыл кірпіштерден салынған және күйдірілген кірпіштермен қапталған. Жоспардағы өлшемдері: сыртқы периметр бойынша - 7,25х8,24 м. Қабырғаларының қалыңдығы – 90 см шамасында. Биіктігі - 6,44 м. XIX ғасырдағы Орталық Қазақстандағы үздік үлгілердің бірі.

Дереккөздер

  1. http://www.madenimura.kz
  2. Сембин М.К.. Отчет о работе Центрально-Казахстанской экспедиции - 75. (Джезказганская область), 1975, Архив НИПМ.