Көп сатылы сайлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Көп сатылы сайлау – сайлау жүйесінің бір түрі. Мұнда өкілетті органның депутаттарын төменгі сайлау органдары немесе сайлау алқалары (олардың құрамына халық сайлаған сайлаушылар, яки төменгі өкілетті органдардың депутаттары, кейде олардың екеуі де кіруі ықтимал) сайлайды. К. д. с. екі және одан да көп сатылы болуы мүмкін, дегенмен үш немесе төрт сатылы сайлау қазіргі кезде өте сирек кездеседі. Мыс., АҚШ-тың, Финляндияның президенттері, Үндістан парламентінің жоғ. палатасы екі дәрежелі сайлауда сайланады. Франция сенатының бір бөлігі үш дәрежелі сайлауда жасақталады: сайлаушылар муниципалдық кеңесшілерге дауыс береді, ал, бұл кеңесшілер делегаттарды тағайындайды, делегаттар сенаторларды сайлайды. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}