Көдек Байшығанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Көдек Байшығанұлы (1888, Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауы — 1937, ҚХР, Іле аймағы, Текес ауданы, Аттың тауы) — ақын, Қытайда тұратын қазақтар арасында азаттық идеясы насихатшыларының бірі. Тегі Албан руындағы Айт тармағының Сүйіндік атасынан шыққан. Әкесі Байшыған да, атасы Маралбай да ақын кісілер болған. Өулиеата өңіріне белгілі Сейділдә Тілекметқызы деген ақын әйелмен Көдектің әкесі Байшыған үш жыл айтысып, бірін-бірі жеңе алмапты деген дерек бар. 1919-20 ж. Көдек Ферғанаға барып мұсылманша білімін жетілдірген. 2 жылдай кеңестік Қызыл Армия қатарыңда Самарқант-Бұхарадағы басмашылар бүлігін басу ісіне қатысқан. 1924-29 ж. Түзкөл болыстық комитетінің төрағасы болған. "Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын" деген ұран аясында жүргізілген Голощекин геноцида тұсында Қытайға ауа көшкен шекаралық аудан казақтарымен бірге Көдек те Қытайдың Іле аймағына қоныс аударады. Оның "Бүл жаққа жанымды алын өтіп кеттім, Орыстың ілінген соң жаласына" деп жырлайтыны осы тұс. Көдек ақынның "Қытайдағы Албанның игі жаксынарын аралағанда айтқаны", "Сасан аулына барғанда", "Кең Текес", "Албан туралы", "Таңжарық ақынға сәдем", "Сыламқожаға", "1916 жын" атты өлең-толғаулары ел арасында кең таралған. "Мергенбай туралы толғау" атты дастанында Кеңес өкіметі тарапынан "банда" атанған халық батыры Мергенбай Жаманкөзұлы тағдыры көркем суреттеліп, заман шындығы айшықты бейнеленген. Көдек шығармалары Қытайдағы "Шыңжаң жастар-өрендер баспасынан" Тәліпбай Қабайдың құрастыруымен екі мөрте (1988, 1992 ж.) басылып шықты. 1998 ж. әдебиет зерттеушісі Тілеужан Сакалов құрастырған өлендер жинағы "Парасат" баспасынан жарық көрді. Райымбек ауданының Қызылшекара ауылында Көдектің ескерткіші бар.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көдек Байшығанұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}