Кронос

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Кронос (грек "Κρόνος" - уақыт) - ежелгі грек мифологиясыдағы Олимпке дейінгі ең ежелгі тәңірлердің бірі.
Аңыз бойынша, Уран мен Геяның (Жердің) баласы, алыптардың ең кенжесі. Әкесін тақтан түсіріп және мүгідек етіп, бүкіл әлемді өзі биледі. Өз қарындасы Реяның күйеуі, Гестанның, Деметраның, Гераның, Аиданың, Пасейдонның, Зевстың және Хиронның әкесі. Кронос алғашында егіншілік құдайы болса керек. Оған табыну әсіресе Олимп пен Афиныда кеңінен тарады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998