Криминалистика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:10, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Криминалистика(Үлгі:Lang-la– қылмысқа қатысты) – қолданбалы заң ғылымы. Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін жасақтайды. Бұл тәсілдер мен әдістер қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстарды алдын алу, анықтау және тексеру үшін қолданылады, сондай-ақ, қылмыстық, кей жағдайларда азаматтық істерді сотта қарау үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы маңызды тараулары – жалпы теориясы, техника, қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алудың тактикасы мен әдістеме техника дәлелдемелерді жинау, тиянақтау және зерттеу жөніндегі арнаулы тәсілдер мен ғыл.-тех. құралдар жүйесін қамтиды. Криминалистиканың бұл тарауына сот баллистикасы, трассология, соттық қолтаңбатану, дактилоскопия, оттық фотография, криминалистикалық сараптама техникасы, криминалистикалық одорология, т.б. жатады.

Криминалистикалық тактика

Криминалистикалық тактика – іс бойынша нақты ахуалды ескере отырып, әрбір тергеу мен соттық іс-әрекеттің шұғыл іздестіру шараларының мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді пайдалану тәсілдерінің жүйесін жасақтайды. Криминалистикалық тактиканың тәсілдері тергеу іс-әрекеттерін жүргізу: тергеушілік тексеру, тергеу эксперименті, тану, жауаптау, т.б. кезінде кеңінен пайдаланылады. Қылмыстың нақты түрлерін (кісі өлтіруді, ұрлықты, тонауды, өртеуді) тексеру барысында қолданылатын тәсілдердің, әдістер мен құралдардың жиынтығы криминалистиканың айрықша тарауын – қылмыстың жекелеген түрлерін тексерудің (“жеке әдістеме” деп аталатын) әдістемесін құрайды. Криминалистика қылмыстарды болдырмаудың және ашудың стратегиясын, шұғыл, тактикалық және техникалық әдістерін зерделейді, қылмыстың жасалуының объективті және субъективті мән-жайларын жан-жақты зерттейді. Объективті мән-жайларда қылмыстың жасалған жері, уақыты, жасалу барысы, т.б. қамтылады. Субъективті мән-жайларға қылмыскердің өзіне қатысты мән-жайлар жатады, олар: қылмыс жасауға түрткі болған себеп (уәж), қылмыс жасау кезіндегі психикалық күй; қасақылық (қылмысты саналы түрде жасау), абайсыздық. Криминалистиканың принциптері бойынша:

  • Қылмысты кім жасады?
  • Қылмыс қашан, қай күні, тәуліктің қай мезгілінде жасалды?
  • Қылмыс қайда, қай жерде жасалды?
  • Қылмыскер нендей әрекет жасады немесе нендей әрекет жасамады?
  • Бұл әрекет жалпы қылмысты әрекет пе; әңгіме қандай заң бұзушылық туралы болып отыр?
  • Қылмыскер бұл орайда қалай әрекет етті, көмекшісі, айдап салушысы немесе жасырушысы болды ма немесе қылмыстың көрінісі қылмыскерде ондайлардың болғанын айғақтай ма?
  • Қылмыс немен жасалды, қылмыскер қандай құралдар мен аспаптарды (қаруларды) қолданды?
  • Қылмыскер қылмысты неліктен жасады, қылмыс жасауға қандай сыртқы және ішкі себептер түрткі болды? – деген сауалдардың айқын жауап-шешімі табылуға тиіс.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>.

Криминология

Қылмысты азайту және алдын алу құралдары мен жолдары жөнінде, қылмыс, қылмыскердің болмысы туралы ілім, қылмыс туралы ғылым. Криминология басқа ғылымдар (социология, биология, психология) жинактаған тәсілдер мен ілімдерді пайдаланатын оқу аралық ғылым болып табылса да, ол дербес ғылым болып саналады.

Криминалист

Криминалистика бойынша маман, сирек түрде - қылмыстық құқық пен іс жүргізу бойынша.

Криминалдық жағдай

Қылмыстың жасалу жағдайы. Қылмыстық әрекетті жасаудың басталу сәтінен, құқыққа қарсы нәтиже орын алған сәтке дейінгі қылмыскердің мінез-құлқына әсер ететін объективті жағдайлар мен олардың субъективті маңыздарының жиынтығы.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}