Космогондық оюлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Космогондық өрнектер ғарышпен байланысты жұлдыздарды,күнді,айды,жарты айды және кемпірқосақты бейнелейді.Ұлан-ғайыр далада көшіп-қонып жүрген көшпелілерді ғарыш пен әлем құпиясы үнемі қызықтарған.Өйткені,оларды түні бойы нешетүрлі ою-өрнектер құраған жұлдыздардың ғажайып әлемі көмкеріп тұрған.Шын мәнінде,табиғат аясында,онымен үйлесімде өмір сүрген көшпелі қазақтар арманшыл халық еді.Олардың киіз үйде тұруының себебі де осы болар.Киіз-үй-көшпелі өмірге бейімделген,ерте заманнанкеле жатқан баспана.Осы жеңіл же жинақы киіз үйді көшпелілер ғарышпен байланыстырған.Бұл баспана бұрышы жоқ,жер шар секілді.Төбесінің дөңгелене жасалынуы-аспан,ала едені-жер,шаңырақ жердің кіндігі болып қабылданған.Ою-өрнектердегі осындай үйлесімділік көк Тәңірге сиынудан жалғасын тапқан. Табиғаттың өзі өмірдің талай құпияларын үйретіп,қазақтарға ою-өрнектің космогондық түрлерін тарту етті.Оған ежелгі сақтар заманынан келе жатқан әлемдік кеңістік пен жер шары төрт тарабының,мәңгілік қозғалыстың символы-дөңгелек,төрт құлақ,шимай,қисық сызықты бейнелейтін жұлдыз және ою-өрнектің ортасында орналасқан әрі бес бұрышты қалыпқа ие жұлдыз кіреді.