Константин Энгель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:04, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Футболшы

Константин Энгель – қазақ-неміс футболшысы, қорғаушы.

Өмірбаяны

1988 жылы, 27 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Отбасымен бірге Германияға қоныс аударған неміс футболшыларының бірі. Павлодар қаласында әжесі тұрады. Константин Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылмай тұрып, 2002 жылы туыстарына бір рет келіп кеткен.

Карьерасы

Футболдағы карьерасын «Виктория 08» клубының жастар құрамасынан бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында II Бундеслигадағы «Оснабрюк» командасында өнер көрсетті. Одан кейінгі жылдары «Энерги» сапында ойнады. Ал қазіргі кезде «Ингольштадт 04» клубының ойыншысы.

Ұлтық құрама

Мирослов Беранектің тұсында Қазақстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырылып жүрді. 2012 жылы Қырғызстанға қарсы алғашқы ойынын өткізді. Осы уақытқа дейін алты кездесуге қатысқан.

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер