Константин Александрович Лордкипанидзе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:14, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Константин Александрович Лордкипанидзе (1905 жыл 7 қаңтар - 1986 жыл 30 шілде) - грузин жазушысы.

Өмірі

«Литературная Грузия» (1956-1962), «Цискари» (1962-1966) журналдарының бас редакторы, 1966 жылдан «Накадули» баспасының директоры. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шығармалары 1924 жылдан жариялана бастады. «Таңдамалы өлеңдер» (1926) жинағы мен «Стенька Разин» (1927) поэмасында социалистік құрылыстың нығая түсуін жырлады. Оның прозалық шығармаларының негізгі тақырыбы - ескінің күйреуі, грузин ауылындағы өзгерістер, кеңес адамдарының ерлігі мен гуманизмі. Ол «Колхида таңы» (1931-1932), «Өшпес өмір» (1938), «Тот шалмаған жүз» (1949), «Ажал күте тұрады» (1968), «Сиқырлы тас» (1955-1965), «Ортычал балықшылары» (1969), «Дон-Кихот жасасын» (1970) т.б. шығармалар мен «Достық» (1941), «Жолдағы көлеңке» (1957), «Үзілген өлең» (1960) атты киносценарийлердің авторы. 8-сайланған Грузия КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Марапаттары

6 орден және көптеген медальдармен марапатталған.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>