Кеңгірбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Біріктірілсін Кеңгірбай, жазушының кейіпкері. Тобықтының атақты биі, Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы негізгі кейіпкерлердің бірі. Әсіресе осы Еңлік пен Кебек оқиғасына байланысты шешімімен әділетсіз би атағы қалған. Жазушы Абай туралы монографиясыңда: «Жиреншелер Абайдың айтқанын орындап, қыз басын босатарман болғанда, Сыбанның біреуі - «Жол осы ма еді, Кеңгірбай әруағы кайдасың!» деп ұрандап, әруақ шақырады. Осыған қайысқан Оразбай Кеңгірбай жолын бұзғысы келмей Абайға келгенде, ол: «Кеңгірбайдан ел әділдік көрген жок. Әйел үшін ол «Қара қабан атанған» деп, өз айтқанын істетеді. Мұрын қызына еркіндік әпереді. Ал Оразбай мен Жиренше: «Абай асқан екен, Кеңгірбай жолын бұзумен тұрмай «қабан» деп тілін тигізді. Енді біз бұдан кеттік, жауластық» деп, өзді-өзі серттесіп алады» деп, Кеңгірбай болмысынан хабардар етеді (№ 193-папка, 8-бет). Дәл осыны «Абай жолы» эпопеясында «Салиқа кыз дауы» оқиғасымен байланыстырып көрсетеді. Әкесінің сәлемін алып барған Абайға айтқан Байдалының: «Ендеше, жаттан айтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам әкеңнің өз көзіне айтқаным. «Татуластық, табыстық деп кеше тамам Арғынның тобында. Сол татуласқан сиқым осы ма? Тәтті күнде тағы артыма қалжуыр байлайтын болса, анадағы араздықтан мұның несі озды? Не жаздым, сенің әкеңе осы мен! Жігітек! Атаң Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасын беріп би сайлап еді. Өз бапасы, өз туысы жоқ емес еді ғой сонда» («Абай жолы», «Шытырманда» тарауы) деген сөздерінен Кеңгірбай бітімі де, араздық себептері де ашыла түседі.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеңгірбай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}