Кенжин Төлеш Әукебайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:42, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Кенжин Төлеш Әукебайұлы - Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

1946 жылы 23 шілдеде Қарағанды қаласында туған.

1970-1975 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының толық курсын тыңдады (сырттай оқу бөлімі).

Еңбек жолын 1961 жылы бастады.

1961-1965 жж. - ҚКҒЗИ лаборанты

1965-1968 жж. - Кеңес Армиясы қатарында қызмет өткерген.

1968-1971 жж. - № 35 шахта, МШМБ хронометражшы, жерасты электр слесарьларының бригадирі.

1971-1973 жж. - «Северная» шахтасының жерасты электр слесары, комсомол ұйымының хатшысы.

1973-1977 жж. - «Шахтинск» шахтасы директорының көмекшісі, шахта партия комитетінің хатшысы, ауысым басшысы, техникалық кешен шебері.

1977-1979 жж. - «Целиноградэлеватормельстрой» Қарағанды ЖМК жабдықтау бөлімінің бастығы

1979-1981 жж. - «Сарань» шахтасы директорының орынбасары

1981 -1989 жж. - ликер-арақ зауытының дайын өнім экспедиторы

1989-1993 жж. - коммерциялық құрымдарда жұмыс істеді.

2004 жылдан бастап ҚКХП ОК хатшысы

2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР ҚКХП партиялық тізімі бойынша сайланған.

Үйленген, екі қызы және үш немересі бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер