Йован Ристич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Йован Ристич (1831 жыл 13 ақпан, Крагуевац - 1899 жыл 5 қыркүйек, Белград) - Сербияның мемлекет және саяси қайраткері, тарихшы.

Өмірі

1852 жылдан философия докторы, 1861-1867 жылдары Сербияның Түркиядағы елшісі. 1868-1872 жылдары Ристич - кәмелетке толмаған князь Милан Обренович жанындағы регенттердің бірі. 1873, 1878-1880, 1887 жылы - премьер-министр, 1872-1873, 1875, 1876-1878 жылдары - сыртқы істер министрі. 1889-1893 жылдары кәмелетке толмаған Александр Обренович жанындағы регенттердің бірі. Ішкі саясатта либералдық бағыт ұстады. Серб-черногор-түрік соғысында (1876-1878) Ресейдің Түркияға қарсы соғысуын көздеді. Ол - XIX ғасырдағы серб дипломатиясының тарихы жөніндегі еңбектердің авторы.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>