Ислам мәдениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Ислам мәдениеті Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етіп, солармен ассимиляцияға ұшырайды.

Терминологияда қолдану

«Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді<ref name="madeniet">«Ислам мәдениеті бойынша сабақтар», доктор Раджаб Саид ШаһуанҮлгі:Ref-ar</ref>. Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» — деп түсіндіреді<ref name="madeniet"/>. Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» — деп жалпы анықтама береді<ref>«Ислам мәдениетін тану» — Alukah.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Commonscat <references/>