Исеншағыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:22, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Исеншағыл, ЕсеншағылҮлкен Борсық құмының оңтүстігіндегі құмды алқап.


Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылының оңтүстігінде 10 километр жерде. Ұзындығы 20 километр, енді жері 10 километр. Құм жағалауында Тасқара қыстауы, Түлкібай, Қарабарақ құдықтары орналасқан құбырлары өтеді.

Негізінен палеоген тау шөгінділерінен түзілген. Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Қоңыр топырағында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}