Иса Достайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:37, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Иса Достайұлы (1886 - 1950), ағартушы, діни оқымысты, халық емшісі. Ұлытаудың түлегі.

Арғы атасы ауқатты адам болған. Руы — Қарабала Шағыр.

Әуелі ауыл молдасынан ескіше оқып, Уфа мен Қазан қаларынан діни білім алған (1902 - 1912). Қазан төңкерісіне дейін Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған 50 қазақтың бірі. 1912 - 1928 жылы Жезқазған және Ұлытау бойындағы ауылдық мектептерде балаларды Ахмет Байтұрсынұлы әліппесі бойынша оқытқан. Оның көріпкелдік, алдағы оқиғаларды болжайтын қасиеттері де болған. Ал емшілік қасиеті ел арасында кеңінен жайылған. Жылан, қарақұрт, шаян шаққан адамды не малды емдеп жазған. Жүйке ауруына ұшыраған адамдарды емдеген.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}