Ирасек Алоис

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:14, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ирасек, Й и р а с е к (Jirasek) Алоис (23. 08. 1851, Гронов, — 12. 03. 1930, Прага) - чех жазушысы. Чех әдебиетiндегi реалистiк дәстүрдiң көрнектi өкiлi. Ирасек творчествосының негiзгi бағыты 19 ғасырдың 2-жартысында өpic алған ұлт-азаттық идеясының әcepімен қалыптасты. «Жартастар» (1886), «Ағыстар аралығында» (1887-1890), «Бәріне де қарсы» (1893), т. б. романдарында — әлеуметтiк теңсіздік пен ұлттық езгiге қарсы көтерiлген халық қозғалысының қуатты күшін суреттедi. Қалың бұқара арасынан шыққан қарапайым адамдардың жарқын бейнелерiн жасады. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1974. Том 5</ref>

Дереккөздер

<references/>