Иманжан Жылқайдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:23, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Иманжан Жылқайдаров (1886 жылы Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы) - жырау, ақын.

Өмірбаяны

Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Қүлтума,Тайжан сияқты әйгілі әнші, ақындармен түздас-дәмдес болып, тәлім алған. Он сегіз жасыңда ұлытаулық ақын қыз Бибіғали Оңғарбайқызымен, кейінірек Гүлжәмила, Ибадулла ақындармен айтысқан. «

Қазақстан жазушыларының Ш —IV съезінің делегаты болды. Академик Әлкей Марғүлан басқарған тарихи-этнографиялық экспедицияларға қатысты. Халық әдебиетінің нүсқаларын жинап, тапсырды.

Шығармалары

Әлібек» дастаны мен «Сабыр» толғауы 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілісіне арналған. «Сәуле», «Ақ марқа»,«Әліби ерлігі», «Үлытау» «Шақшақ ұлы Жәнібек», «Назымбек» дастандары бар.

Таңдамалы шығармаларының жинағы («Жастарым, жайна», 1959) басылды, бірсыпыра өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3-т., 1966) жинақтарында жариялайды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>"Әділбек" тарихи дастаны, "Сабыр" толғаулары, "Туысқандар қойды қол", "Гүлденген менің Отаным" (1958), "Сәуле", "Ақ марқа", "Үлытау", "Әліби ерлігі", "Ұлытау", "Шақшақ ұлы Жәнібек", "Назымбек" дастандары бар. Академик Ә.Марғұлан басқарған тарихи-этнографиялық экснедициясына (1947) қатысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. "Жастарым, жайна" таңдамалы шығармалар жинағы (1959) жарық корген. Шығармалары "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (1966), "Ленин деп халық жырлайды" (1969) жинақтарына енген.

Марапаттары

Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}