Иван Михайлович Кравченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:32, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Иван Михайлович Кравченко - 1948 жылы 28 қарашада РКФСР Краснодар өлкесі Северский ауданы Ильский кентінде туған. Орыс. Әкесі - Кравченко Михаил Иванович, зейнеткер. Анасы - Кравченко Евгения Кирилловна, марқұм. Харьков авиациялық институтының ұшу аппараттарының двигательдері факультетін бітірген (1973), инженер-механик. Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.

  • 1966 жылдың қыркүйегінен - «Краснодарэнергжөндеу» жөндеу-қалпына келтіру кәсіпорны Ильск учаскесінің электр слесарі.
  • 1966 жылдың қарашасынан - «Янтарь» Балтық маңы кеме құрылысы зауытының слесарь-кеме құрастырушысы.
  • 1967 жылдан - Харьков авиациялық институтының студенті.
  • 1973 жылдан - ұшақ технигі, Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1975 жылдан - Қолданбалы гидромеханика ҒЗИ филиалы секторының инженер-құрастырушысы, жетекші инженері, бастығының қызметін атқарушы, құрастырушылық бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1985 жылдың қаңтарынан - Алматының «Гидромаш» тәжірибелік-механикалық зауыты бас инженерінің орынбасары.
  • 1985 жылдың қарашасынан - Қазақстан Компартиясы Әуезов аудандық комитеті бөлімінің меңгерушісі.
  • 1987 жылдың ақпанынан - Қазақстан Компартиясы Алатау аудандық комитетінің хатшысы.
  • 1987 жылдың шілдесінен - Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінде бөлім меңгерушісі.
  • 1988 жылдан - «Қызылту» ӨБ бас директорының орынбасары.
  • 1990 жылы «Беккер ГмБх» германдық фирмасымен бірігіп «Беккер және К» БК құрған, сонда қазіргі уақытта бас директор болып жұмыс істейді.
  • 1994 жылдан - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
  • 1996 жылдан - «Беккер және К» БК бас директоры.
  • 2004-2006 жылдары - ҚР Индустрия және сауда бірінші вице-министрі. Қазақстанның Сапа көшбасшылары қауымдастығы басқармасының төрағасы (2006-2009); жыл сайынғы Алматы сапа жөніндегі халықаралық форумы ұйымдастыру комитетінің төрағасы (2006 жылдан бері). «Құрмет» орденімен (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001) марапатталған.

Әскери атағы - майор.
Діни көзқарасы - атеист.
Хоббиі - аңшылық, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - Өнеркәсіп экономикасын бекіту, сапасын басқару тақырыптарындағы әдебиет, спорттық өмірбаяндар, детективтік жанр.

Ұлы - Кравченко Кирилл Иванович (1979 жылы туған), «Оргсервис» ЖШС заңгері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub