Зиян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:40, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Зиян, құқықта – бір субъектінің басқа субъектілерге немесе табиғатқа, қоршаған ортаға, адамдарға келтірген залалы.

Зиян бірнеше түрге бөлінеді:

  1. мүліктік зиян – жеке немесе заңды тұлғаға зиян шектірудің немесе жасалған келісімшарттың талаптарын орындамаудың салдарынан олардың мүлкіне келтірілген залал;
  2. моральдық зиян – басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерімен белгілі бір адам құқығына нұқсан келтіру, қадір-қасиетін қорлау, ар-намысын таптау, беделін түсіру сияқты мүліктік емес сипаттағы залал.
  3. Азаматтық құқық бойынша келтірілген мүліктік зиян үшін жауапты адам оны табиғи түрде өтеуге (сондай тұрпаттағы және сападағы затты тапсыруға, бүлінген затты жөндеуге, т.б.) немесе келтірілген шығынның толықтай орнын толтыруға тиіс.
  4. Еңбек құқығы бойынша кәсіпорынға (мекемеге) келтірілген зиян заңмен белгіленген шекте және тәртіппен өтеледі. Кәсіпорынның (мекеменің) кінәсінен азаматтың денсаулығына зиян келтірілген жағдайда еңбек ету қабілетінің төмендеуі немесе одан айрылуы салдарынан жәбірленушінің жоғалтқан еңбекақысы, сондай-ақ, денсаулығы нашарлауы себепті шеккен шығындары кінәлі кәсіпорын (мекеме) тарапынан өтелуге тиіс.

Жәбірленуші қайтыс болған кезде зиянның өтемін алу құқығын оның асырауындағы еңбекке қабілетсіз адамдар, ол қайтыс болғаннан кейін дүниеге келген баласы, т.б. иемденеді. Халықаралық қатынастарда бір мемлекеттің кінәсінен екінші мемлекетке келтірілген зиянды кінәлі мемлекет өтейді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы,4 том 3 бөлім</ref><ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}