Жүніс Ақатайұлы Ыбыраев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға

Ыбыраев Жүніс Ақатайұлы, жазушы, журналист (1928–2002).

12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мақпал ауылында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Агропромышленный комплекс Казахстана» — «Қазақстан агроөнеркәсібі» журналында жауапты қызметтер атқарған. «Қазақстан» баспасында бөлім меңгерушісі болған. Бірқатар көркем очерк кітаптарының авторы, көптеген жинақтар құрастырған. М.Слуцкистің, А.Курчаткиннің роман, әңгімелерін қазақшаға аударып, кітап етіп бастырған. 2002 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА