Жігіт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бүгінгі түсінігімізде — ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала. «Елемес — аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт» (С. Омаров, Қайырлы.). «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі Күл-тегін немесе Тоныкөк жазуларыңа көңіл аударсақ, «ігід» сөзін оқып, «қолдау, көтермелеу» деген түсінік аламыз. Ал Юсуп Баласағұнның «Хұдатқу білігі» еңбегінде «ігід» — тәрбиелеу, дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие (ДТС, 204). Осы деректерге қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген «жігіт» деген сөзіміздің алғашқы мағынасы «қолдау, көтермелеу», одан бері келе «өнеге беру, тәрбиелеу» мағынасына дейін жетіп, ең соңында, біздің кезімізде, - өнеге көрген, тәрбие алған, ой-өрісі қалыптаса бастаған адамға айтылатындығын көріп отырмыз.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Астрономияда

Мицар жұлдызының қазақша атауы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}