Жібек иіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қысқаша мәлімет

ЖІБЕК ИІРУ – жібек өндіретін өнеркәсіптердегі жібек талшығынан жіп дайындаудың технологиялық процесі. Негізгі шикізат ретінде піллә қалдықтары мен жібек жіптерінің қиқымдары, шатасқан талшықтар пайдаланылады. Ж. и. шикізатты сұрыптау, кесу, желімсіздендіру, қопсыту, тарау, шүйкелеу және иіру процестерінен тұрады. Шикізат сапасына қарай сұрыпталады, жабысқақ талшықтардан, майдан ажыратылады, қайнату арқылы желімсіздендіріледі. Қопсыту кезінде шатасқан талшықтардың арасы жазылып, талшық иіруге икемді, қысқа кесінділерге бөлінеді. Тарағанда талшық жігі ашылып, ұзынынан сараланады. Тарау жұмысы тарағыш дөңгелек машинамен жүргізіледі. Таралудан шыққан талшықтар шайырдан арылту цехында сілкуден өтеді де, тарақтап түту машинасына беріледі. Тарау процесі өңделіп отырған талшықтан 0,02 – 0,03 нөмірлі, ұзындығы 1,5 – 3 м жіп алынғанға дейін жүргізіледі. Дайын жіп әбден тазаруы үшін екі ұшынан бірдей сыдырылады да, арнаулы білікке оралады. Жібек жіп өте жіңішке болып иіріледі. Ал тарау кезінде түскен талшықтар қайта өңделеді де, одан төменгі сапалы жіп алынады. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жібек иіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}