Жюль Мишле

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:04, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Ғалым Жюль Мишле (Үлгі:Lang-fr; 21 тамыз 1798 ж., Париж — 9 ақпан 1874 ж., Йер, Вар, Франция) — романтикалық бағыттағы француз тарихшысы, ұсақ буржуазия идеологы.

Мораль және саяси ғылымдар академиясының мүшесі. 1827 жылдан профессор. Шілде монархиясы жылдарында католик шіркеуіне қарсы қажырлы күрескер ретінде радикалдық бағыттағы студенттер үлгі тұтты. Жюль Ұлы француз революциясын қолдағанымен якобиншілдер мен коммунистік идеяларға қарсы болды. Наполеон III-ге ант беруден бас тартқаны үшін 1852 жылы кафедра профессорлығынан және тарих секциясы меңгерушісінің қызметінен босатылды. Жюль тарихи процесті жасаушы-халық, ал ұлы адамдар-«символ» ғана деп есептеді. Жюль көп томдың «Франция тарихын», «Француз революциясы тарихын» жазды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 8 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер