Жыршы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жыршыжыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да бар. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір Ж-лар өз жанынан өлең-жыр да шығарады. Ж-ны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин – нағыз жүйрік, танымал Ж-лар. Ж. кейде белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды. Бұл – кейінгі кезде пайда болған дәстүр. Мыс., А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын қазақ ақындары, Ж-лары халық тіршілігіне бейімдеп жырлап, жаңа нұсқалар тудырған (Ә.Найманбаев, т.б.). Талантты Ж-лар халық сүйіспеншілігіне бөленген. Эпикалық туындыларды көп білгендіктен олардың кейбірі “жырау” деп те аталған (Марабай, Мергенбай, Базар, т.б.). Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін Ж-лар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері солардың арқасында заманамыздың игі мұрасына айналды. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жыршы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}