Жыр күйі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қысқаша мәлімет

ЖЫР КҮЙІ – жыраулар мен жыршылардың жыр айту сазы. Әр дәуірде өмір сүрген жыраулар мен жыршылардың жыр, толғау, терме, дастан, қисса айтатын өзіндік мақам, саз, әуені болған. Талантты жыршылар шығарма мазмұнына орай саз, әуенді де өзгертіп отырады. Бұл әдіс тыңдаушыларға ерекше әсер етеді. Ж. к. композициялық құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді. Кейде бірнеше мақамдық бөліктері қайырмалардан құралады. Ж. к-нің негізгі ерекшелігі – дәстүрлі 7 – 8 буынды жыр жолдарының жыраулық өнерге тән мақаммен емес, аспаптық музыка, оның ішінде төкпе күй сарынымен орындалуында. Белгілі әнші Б.Тілеухановтың орындауындағы Ақтамберді жыраудың “Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз” деп келетін жыр соның айғағы. Осы тұрғыдан келгенде Ж. к. – жанрлық синкретизм көрінісі: бір жағы – жыр, екінші жағы – күй. Ж. к. үлгілері, көбінесе, Бат. Қазақстан өңіріне тән. Еліміздің оңт. аймақтарында мұндай төгіп айтатын, шашып тартатын дәстүр байқала бермейді. Екінші жағынан, Ж. к. әншілік дәстүрдің бір қанатын құрайтын жыр жанрының жіктеліп, аспаптық музыкаға бейімделу үрдісін де байқатады. Бұл тұста Ж. к. – жанрлық ұғым. Мыс., Қаратау шертпелері шағын жыр-толғаулардан туған. Ж. к-н дербес жанр түрінде өнерпаздар домбырада, қобызда орындайды. Қазақстанның Маңғыстау, Жамбыл облысытары мен Қарақалпақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан қазақтары арасында Қалнияз, Сүгір, Қожай, Мұрын, Қарабай, Ақтан, Теңелдік, Дүйсенбай, Шәдіман, Айтқұл сияқты жыршы, жыраулардың жыр күйлері сақталған. Мыс., Қобылаш жыршы толғау, терме, ерлік дастандарын өзінен бұрынғы жыраулардың 10 – 12 түрлі жыр сазымен айтады. Қарақалпақстанда тұратын Ұзақ Мыңбаев жиырма шақты жыр күйін, маңғыстаулық күйші Сержан Шәкіратов оннан аса жыр күйін орындайды. Ж. к. – әлі толық зерттелмеген өнер түрі. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жыр күйі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}