Жымпиты бұлақтары
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жымпиты бұлақтары - Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы жеріндегі бұлақтар.
1964 – 67 ж. Өлеңті өзенінің аңғарынан ашылған су көздері, Жымпиты ауылынан шығысқа қарай 2 – 4 км жерде. Жер асты тұщы сулары апшерон континенттік қабатының пайда болу кезеңіне жатқызылады. Қабаты неоген-төрттік құмды саз шөгіндісінің тұтас бөлігінде орналасқан. Құмның аралығы 17 – 29 м, құрамында 0,3 – 0,7 дм3 минералды кермек суы бар. 10 – 11 м тереңдіктен шығатын суының ағымы 1 – 4,5 л/с. Ж. б. атмосф. жауын-шашынның жер қыртысында сүзілуінен толығады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}