Жорға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жорғаадамға жайлы жүрісті жылқы. Кейбір құлын туғаннан-ақ жорға болады. Жорғаның аяң жорға, үш аяң жорға, тайпалған жорға, су шайқалмас жорға, байпаң жорға, төкпе жорға деген түрлері бар. Аяң жорға аяңдағанда ғана жорғалайтын жылқы, одан тезірек жүрсе жорғасынан жаңылады. Үш аяқ жорға – төрт аяғын тең басып жорғалай алмайтын жылқы. Тайпалған жорға – төрт аяғы тең жорға Су шайқалмас жорғаның үстінде кесеге құйған қымыз шайқалып, төгілмейді. Байпаң жорғаның жүрісі тыныш, бірақ басқа жылқының жүрісіне ілесе алмайды. Төкпе жорға – еш уақытта жорғасынан жаңылмайтын жылқы. Мұның жорғалаған жүрісіне басқа жылқы шауып әрең ілеседі. Мұндай жылқыны, әдетте, жорға жарысына қосады. Жарысқа қосатын жорғаны бәйге атындай баптап жаратады. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жорға|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}